ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕ БАҒАМЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ 20 МИЛЛИОН ДОЛЛАР БӨЛДІ
Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамына кезекті рет қолдау көрсетті, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
6 қазанда Ұлттық банк 20 миллион долларға интервенция жүргізді. Осылайша банк жүргізген интервенциялардың жалпы көлемі 1,3 миллиард доллардан асты. Бұған дейін 30 қыркүйекте 225 миллион долларға, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион долларға интервенция жүргізілді.
Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.