2014 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ БАЛАНСЫ
2014 жылғы Қызылорда облысының отын-энергетикалық ресурстар құрамының негізгі түрлері бойынша шикі мұнай 10147,2 мың тоннасының 95,9 пайызы - кәсіпорындарға, экспортқа жіберілген; 1529692 мың текше м. ілеспелі мұнай газының 91,4 пайызы өз қажеттілігіне жұмсалған; ал мотор бензині бойынша 324,4 мың тоннасының 46,2 пайызы, дизель отыны 556,0 мың тоннасының 69,9 пайызы, тас көмірдің 128,4 мың тоннасының 55,5 пайызы - тікелей өз қажеттіліктеріне пайдаланған. БҰл тыралы Қызылорда облысының статистика департаментінен хабарлады.
Облысқа барлық сыртқы көздерден түскені 111,7 мың тонна оттық мазут, 305,3 мың тонна мотор бензині, 503,9 мың тонна дизель отыны, 107,9 мың тонна тас көмір т.б.
2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда бірнеше отын түрлері бойынша, мысалы: табиғи газ 59,9%, керосин 71,2%, оттық мазут 25,1%, сұйытылған пропан мен бутан 4,2% өскендігі байқалды.
Табиғи ресурстардың ішінде шикі мұнай, ілеспелі мұнай газы, мотор бензині, дизель отыны, оттық мазут, сұйытылған пропан, тазартылған газдар, бензинсіздендірілген газ өз облысымыздың өндірісін көрсетеді.
Облысымыздың ең үлкен отын-энергетикалық әлеуеті Қызылорда қаласы, аудандар бойынша Шиелі, Арал, Жанақорған, Қазалы, аудандарында байқалады, олар облыс бойынша ең үлкен отын энергиясын тұтынатын аудандар болып табылады, сәйкесінше ең аз отын-энергетикалық әлеуетті Жалағаш ауданы иеленеді.