ҰЛТТЫҚ БАНК ВАЛЮТА НАРЫҒЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА 144 МЛН ДОЛЛАР ҚҰЙДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады. Ұлттық банктің валюталық интервенция көлемі 2015 жылғы 16 қыркүйекте 144 млн долларды құрады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 20 тамыздан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және еркін өзгермелі айырбастау бағамына өту туралы шешім қабылдады.
Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделді. Бұл ретте Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық интервенцияларды жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігі бар.
Валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операциялары себепші болған теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығының өсуіне байланысты, іргелі макроэкономикалық факторлардың объективті және елеулі өзгеруінің болмауы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады.
Ұлттық банктің валюталық интервенция көлемі 2015 жылғы 16 қыркүйекте 144 млн долларын құрады.