ҚАЗАҚСТАН АГРАРИЛЕРІ АСТЫҚ ЖИНАУ ҮШІН ЖЖМ-МЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазақстан аграрилері астық жинау үшін жеңілдікті жанар жағармай материалдарымен толық қамтылды, деді ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров, деп жазады mgov.kz.
«Бүгінгі таңда тауар өндірушілер ЖЖМ-мен толық қамтылды. Жыл басында тауар өндірушілеріне көктемгі және күзгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін орташа бағасы литріне 81 теңге тұратын 421 мың тонна жеңілдікті жанар жағармай материалдары берілді. Ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі 98-99 пайыз дәрежесінде болып отыр», – деді С.Омаров.
Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, Қазақстанда астық сақтайтын қоймалар жетерлік.
«Бүгінгі таңда республикада 204 нан қабылдайтын лицензияланған кәсіпорын бар, олар 13,7 млн тонна астықты сақтауға қауқарлы. Сондай-ақ, әрбір ауыл шаруашылығын өндірушіде 12,6 млн тонна астық сақтайтын қойма бар. Бүгінде республикада 26 млн тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар», – деді ол.