ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕҢ КӨП ТІРКЕЛГЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САНЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА
2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 8799 бірлікті құрады. 2015 жылдың тамыз айында шілде айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 0,9 пайызға артқаны байқалады, деп жазады kyzylorda-stat.kz.
2015 жылғы 1 қыркүйек айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6761 бірлікті құрады, одан 6394 бірлік – шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар – 4695 бірлік, оның ішінде шағын кәспорындар – 4330 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылысқа келеді, оның үлесі 18,9 пайызды, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне 16,7 пайызды, білім беру 10,9 пайызды құрады, осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,6 пайызын құрайды.