ҚЫЗЫЛОРДАДА МИКРОБИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында шағын және орта бизнесті «Даму өндіріс» бағдарламасы арқылы несиелендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Жиынды ашқан аймақ басшысы нарықта қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отыра өңір экономикасын дамыту бағыттарын атап өтті. Сыр өңіріне экономиканың нақты секторының бәскеге қабілеттілігін арттыру, өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы және агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту аса қажет. Осыған орай, шұғыл шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі – микробизнесті дамыту.
– Польшаның ішкі жалпы өнімінің 51 пайызы микробизнес яғни, жұмысшылар саны 9 адамнан аспайтын шағын кәсіпорындарға тиесілі. Үкіметке жоба әзірлеп ұсынайық. Қызылорда облысы осы кәсіпорын санатын дамытатын пилоттық аймақ болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы шағын несиелерді беру бойынша жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
– Шағын және орта бизнесті дамытпай біз салық базасын ұлғайта алмаймыз. Сондықтан біз осыған мүдделіміз. Бастауыш бизнесмендердің, әсіресе, ұлттық қолөнермен айналысатын кәсіпкерлердің жобаларын қолдап, сүймелдеу және олардың өнімдерін нарықта кеңінен насихаттау керек, - деді Қ.Көшербаев.