ЕНДІ ИДЕЯСЫ БАР, ҚАРЖЫСЫ ЖОҚ АЗАМАТТАРҒА АРНАЙЫ ПОРТАЛ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Инновациялық жобалардың авторлары үшін жағымды жаңалық. Енді өзіндік идеясы бар, алайда бастаманы жүзеге асыруға қаржысы жоқ азаматтарға арнайы портал қолдау көрсетеді, деп хабарлайды 24.kz.
«Инвесторлар Альянсы» қоғамдық бірлесітігі краудфандинг, яғни қоғамдық қаржыландыружүйесін қолға алды. «Шетелде кеңінен қолданылатын жүйе шағын және орта бизнестің дамуына жаңаша серпін береді», - дейді ұйымдастырушылар. Жоба авторлары қысқаша бейнеролик түсіріп немесе бизнес-жоспарын жазып, білікті мамандардың тексерісінен өтеді. Кейін барлық талаптарға сай болған бастама порталға шығарылады. Өз кезегінде инвесторлар қызықтырған жобаны тамашалап, қаржы аудару үшін автормен тікелей байланысқа шығады. Қазіргі уақытта порталға 5 жоба енгізілген.
- Жас балаларды робототехника дайындайтын мектептер ашу. Ол барлық әке-шеше үшін керек. Интернетте отырмай, қызық нәрсе үйренсе жақсы. Бұл – әлеуметтік жоба. Ондай жобалар Ресейде, АҚШ-та көп таралған. Қазір порталға енгіздік, - дейді «Инвесторлар альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртаев.