ОРТАША АЙЛЫҚ АТАУЛЫ ЖАЛАҚЫ 8 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
2014 жылдың шілдесінде Қызылорда облысының кәсіпорындардағы (ұйымдардағы)* жалдамалы қызметкерлер саны 152,5 мың адамды құрады. Оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 132 мың. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,3 пайызға аз. Шілде айының соңында кәсіпорындарда 297 бос жұмыс орны болды.
Қызылорда облысы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2014 жылдың шілде айында 111 605 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 8 пайызға өсті, ал нақты жалақы индексі 100,7 пайызды құрады. Жалдамалы жұмыспен қамтылған қызметкерлер еңбек ақысының 2014 жылдың шілде айында артуы 2013 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің барлық түрлерінде белгіленді.
Еңбекақы төлеудің жоғарғы деңгейі өнеркәсіп, көлік және қоймалау, акпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызмет, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында байқалды.
Қызылорда облысының статистика департаменті