2015 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫНЫҢ БАҒАЛАРЫ
Облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі ағымдағы жылдың тамыз айында өткен аймен салыстырғанда 100,1%-ды құрады. Оның ішінде, азық-түлік тауарлары бағасының индексі 99,9%, азық-түлік емес тауарлар- 100,4% ақылы қызметтер көрсету – 100,1%.
Азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі қырыққабатқа 9,4%-ға, темекі өнімдері 2,5%-ға қант-0,7%-ға белгіленсе, ал, жұмыртқа – 3,1%-ға, пияз-5,6%, қызылша 8,7%-ға , қияр-13,8%, қызанақ – 24,5%-ға, шикі сүт – 2,8%-ға төмендегені байқалды. Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның кеңсе тауарларына 4,2%, киім және аяқ-киімге 0,7%-ға, тұрмыстық құралдарға -0,6%, бензин- 0,4%-ға өскені байқалды. Ақылы қызмет көрсету саласында кешенді демалыстарды ұйымдастыру 3,9%-ға жоғарылады.