«ДАМУ» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 282 ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
«Даму» қоры – бірыңғай операторы арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламасы жүзеге аса бастағаннан бері Қызылорда облысында қордың жергілікті филиалы 282 жоба бойынша субсидиялау келісімшарттарына қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Несие портфелінің көлемі 21,86 млрд теңгені құрады, Қызылорда облысында жобалар бойынша бағдарлама аясында барлығы 2 млрд 58 млн теңге субсидиялар төленді, - деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының директоры Жансұлтан Матаев. – Субсидияланатын жобалар құрылымында көлік пен қойма - 38,8%, өңдеу өнеркәсібі - 28,6%, таукен өнеркәсібі - 7,14% мен денсаулық сақтау - 7,14% саласындағы жобалар басым».
86 жоба бойынша 1267,52 млн теңге жалпы сомасына «Даму» Қорының кепілдемелері берілді, несие портфелі 2675,23 млн теңгені құрады.
86 жоба бойынша 1267,52 млн теңге жалпы сомасына «Даму» Қорының кепілдемелері берілді, несие портфелі 2675,23 млн теңгені құрады.