ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Қызылорда облысында биыл ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңгеден артық қаржы бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Өңірде егіс алқаптары бес жарым мың гектарға ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты. Сүт пен сүт өнімдері өндірісін дамыту бағытында да шаралар күшейтілді. Бұл тұста ауылды округтерде орналасқан жеке секторларды біріктіру арқылы ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мәселесі қаралуда», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов.
Өңірде жүзеге асырылып жатқан «АӨК дамыту жол картасы» бағдарламасы жетекші агротехнологияларды, соның ішінде ылғал үнемдегіш технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің қарқынды өсімін қамтамасыз етуді мақсат тұтады.
«Аграрлық секторға қосымша инвестиция тарту бойынша шаралар қабылдануда. 15 мың гектардан астам алқапқа тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы жүгері мен қызанақ өсіру жобалары бойынша инвесторлар тартылды», - деді облыстық мәслихат сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.