ҚР ҰЭМ БІРҚАТАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҒА ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ
Ағымдағы жылдың тамызында шілдемен салыстырғанда бірқатар азық-түлік тауарларына бағаның төмендегені байқалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде, деп жазады primeminister.kz.
«Бағаның күрішке – 1,5%-ға, макарон өнімдеріне – 1,4%, мал етіне – 1,3%, құс етіне – 0,9%, сүт өнімдеріне – 0,4%-ға төмендеуі байқалды», - делінген хабарламада.
Бұдан өзге, ведомствода хабарлағандай, өнеркәсіптік өнімдер шығаратын кәсіпорындардың бағалары 2015 жылдың тамызында 2%-ға төмендеген.
«Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде – 3,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға – 2,4%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 2,1%-ға жоғарылады», - дейді ведомствода.
Өткен айда бағаның газ конденсатына – 11,4%, табиғи газға – 10%, мұнайға – 3%, сұйытылған пропан және бутанға – 1,4%-ға төмендеуі, олардың дизель отынына – 1,7%, металл кендеріне – 0,9%-ға жоғарылауы тіркелді. Баға алюминийге – 6,4%, асыл металдарға – 5%, қорғасынға – 4,1%, мысқа – 4%, мырышқа – 3,8%-ға төмендеді.