ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫ 465 МЛРД. 152 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ӨНДІРДІ
Биыл 5 айда Қызылордадағы өнеркәсіп кәсіпорындары 465 млрд. 152 млн. теңгенің тауарын өндірді. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 444 млрд. 208 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, ол жалпы өнеркәсіп өнімінің 94,1 пайызын құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 9 млрд. 566 млн. теңге болды. Тамақ өнімдерін өндіру саласында сүт өнімдерін өндіру 9,4 пайызға, нан өнімдерін өндіру 41 пайызға, тоқыма бұйымдарын өндіру 6,9 пайызға ұлғайды.