«АДЕМ-ЖАН» ЖШС: ЖОҒАРЫ САПА, ТАБЫСТЫ ӨНДІРІС
«Адем-Жан» ЖШС мемлекет қолдауымен бетон қоспасын өндіретін құрал-жабдық сатып алып, Қызылорда облысындағы құрылыс материалдарын шығаратын табысты компанияға айналды.
2010 жылы көлік компаниясы ретінде құрылған кәсіпорын алғашында жүк тасымалдаумен айналысса, 2011 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы ретінде бетон қоспасын шығара бастады. Соның арқасында үлкен мүмкіндіктерге ие болып, бизнесте жаңа деңгейге көтерілді. Жаңадан 10 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Бүгінде компания өзін бетон қоспасын шығаратын және автокөлік қызметін ұсынатын сенімді серіктес ретінде көрсетіп отыр. Тұрақты тапсырыс берушілерінің болуы жоғары сенімге ие екенін көрсетеді. Құрылтайшысы Нұрболат Дүйсеновтың сөзінше, мемлекет қолдауының, қызметкерлердің жоғары тәжірибелігінің арқасында компания өнімдері облыс нарығында кең таралды. Жоғары сапа, табысты өндіріс және жаңа жаманғы технология оның ішкі нарықта үздік болуына мүмкіндік береді.
- Бетон қоспасын шығаруға арналған құрал-жабдықты біз «Цесна Банктің» несиесіне сатып алдық. Пайыздық үстемесі 7%-ға төмендетіліп, қаржымызды үнемдедік. Сондай-ақ «БЖК-2020» бағдарламасының арқасында мен «Назарбаев Университеті» БДҰ-де тегін оқып, бизнесті құрудың жаңа модельдерін үйрендім. Қазірде біздің компаниямызда 25 адам жұмыс жасайды және тұрақты жалақымен қамтылған, - дейді Нұрболат Дүйсенов.
«Адем-Жан» ЖШС көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді. «Даму-Көмек» жобасына қатысып, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге тігін машиналарын тарту етті.