ҚЫЗЫЛОРДАДА БЮДЖЕТТІҢ 43%-ДАН АСТАМЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН
Қызылорда облысының бюджеті әлеуметтік бағыттылығын сақтауды жалғастыруда, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жалпы алғанда облыс бюджетінің әлеуметтік салаға бағытталған шығыстары жалпы көлемнің 43,2%-ын құрайды. Абсолюттік мәнде бұл 65 млрд 68 млн теңге. Өңір бюджеті өзінің бағытын сақтады. Әлеуметтік салада халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық міндеттемені орындау қаржыландырудың негізгі басымдығы болып табылады. Негізінен қаржы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мен мәдениет саласына бағытталады», - деп нақтылады Қызылорда облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Райхан Ысқақова.
Облыстық басқарманың ақпаратынша, 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 150486,1 млн теңгеге жетті, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін (субвенцияны есепке алғанда) трансферттер сомасы 135682,9 млн теңге.