ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ ЗЕРТТЕП-ТЕКСЕРУЛЕР БАРЫСЫ ЖӨНІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК-ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Хронометраждық зерттеп-тексерулер» барысы жөнінде Дөңгелек-үстел өткізілді. Оған қоғамдық ұйымдар, атап айтқанда, «Тұтынушылар құқығын қорғау» қоғамының төрағасы Серік Теңізбаев, «Қызылорда кәсіпкерлер ассоциациясының» атқарушы директоры Клара Жанғабылова, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының эксперті Болат Шоников, облыстық кірістер департаментінің басшы орынбасарының міндетін атқарушы Әуезбек Дүйсенбаев, департаменттің басқарма басшылары Совет Бабанаев, Сакен Мырзабек және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Дөңгелек-үстелді басшы орынбасарының міндетін атқарушы Әуезбек Дүйсенбаев ашып, қысқаша хабарлама жасады.Ол өз сөзінде: бұдан бұрын БҰҚ-да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан «Қолма қол түсімдердің толық көрсетілуіне салықтық бақылауды күшейту бойынша Іс-шаралар жоспары» бекітіліп, хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары республиканың барлық аумақтарында, оның ішінде Қызылорда облысында да 17 маусымнан басталғанын.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің 627 бабы бойынша «Хронометраждық зерттеп тексеру – салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізілетін тексеру».
Тексеру объектілерінің негізін қоғамдық тамақтану орындары (ресторан, барлар), букмекерлік кеңселер, брендті бутиктер құрайды. Негізгі назар фискальды жады бар бақылау кассалық машиналардың, POS-терминалдардың бар болуы мен нақты жұмыс жасап тұруына аударылады –деп түсініктеме жасады.
Одан кейін хронометраждық зерттеп-тексерулер мен рейдттік тексерулер барысы жөнінде басқарма басшысы Сакен Мырзабек қатысушыларды атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде, үстіміздегі жылдың 20 тамызына салық жүктемелеріне талдау жасалу негізінде, және табысы бойынша тапсырылған декларацияларына байланысты, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 54 салық төлеушілерге хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізілуде. Оның ішінде хронометраждық зерттеп-тексеру аяқталған 22 салық төлеуші бойынша нақты көрсеткіштер анықталды. Яғни, орташа есеппен, олардың 1 күндік табыстары 11 есеге ұлғайтылған, жекелеген салық төлеушілер бойынша 3 еседен 46 есеге дейін өскендігі анықталды.Табыс сомалары 143,2 млн тенгеге көтеріліп, бюджетке қосымша 4,3 млн тенге қаражат есептеліп отыр.
Сонымен бірге, салық төлеушілердің жалдамалы жұмысшыларының нақты саны 50-ге артқан.
Сонымен қатар, хронометраждық зерттеу барысында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатумен айналысқан 1 салық төлеуші анықталып, барлық сомасы 2 400,0 мың теңгені құрайтын 512 шөлмек алкоголь өнімі сатылымнан алынды. Құжаттары департаменттің Экономикалық тергеу қызметіне жолданып, ҚР ҚК-нің 214 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарының(БКМ) және POS-терминалдардың болуына және Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуде болуына тақырыптық (рейдтік) тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге барлығы 363 құқық бұзушылық, оның ішінде 311 - салық төлеушілерге БКМ-ның болуы бойынша, 52 жеке тұлғаның Мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызмет жасауы анықталды.
Дөңгелек-үстел барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Қатысқан азаматтарға басшы орынбасарының міндетін атқарушы Ә.Дүйсенбаев рахметін айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.