BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ 44 ДОЛЛАРДАН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛДІ
Мұнайдың әлемдік бағасы 4,5% шамасында өсіп келеді, бұған Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы сауда-саттық сессияларының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды gazeta.ru.
Атап айтсақ, Brent маркалы мұнай құны барреліне 44 доллардан асты. Сағат 15:50-де (Астана уақытымен) Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 4,28%-ға, барреліне 44,32 долларға дейін шарықтады.
WTI мұнайының қазан айындағы фьючерстері 2,01%-ға қымбаттап, барреліне 39,01 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.
Жақында Brent пен WTI қара алтынының бағасы 2009 жылдың ақпанынан бергі ең төмен деңгейге түсіп кеткен болатын.