ЖАҢАША ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСАДЫ
Ұлттық валютамыз еркін бағаға жіберілді. Бұған дейінгі доллар бағамының көтерілуі, мұнай мен металл бағаларының төмендеуі, әрине, алаңдатарлық жағдай. Өйткені, олар біздің экспортымыздың негізін құрайды. Бұның бәрі әлемдік экономикадағы күрделі жағдайдың тікелей әсері. Ол барған сайын нашарлай түсуде. Дағдарыстан дамушы елдер де, дамыған елдер де тыс қалып отырған жоқ. Осыған орай Ұлттық банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу жөнінде шешім қабылдады. Оның белгілі қиындықтары болады. Халық мұны түсінуге тиіс. Бұл қажеттіліктен туған шара.
«Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиыншылықтарды алып келеді. Қазір де осындай қиыншылыққа тақап тұрмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де сырт қала алмайды. Қазақстанның әлемдегі бүкіл мемлекеттермен байланысы бар. Ал енді халықаралық сарапшы ұйымдардың айтуынша, бұл дағдарыс тез уақытта еңсеріле қоймайды. Соған алдын ала біз барлық жағынан дайындалуымыз керек» деді Елбасы.
Бұл шешімнің отандық өндіріс үшін пайдалы жағы бар екенін де ескеруге тиістіміз. Отандық бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі артады, экспорттық табысты молайтуға жағдай жасайды.
Мемлекет басшысы әлеуметтік көңіл-күйдің нашарлауына жол бермеу үшін қиындықтарға қарамастан барлық қажетті шаралардың қабылданатынын айрықша атады. Елбасы азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтергендер анықталып жатса жазасыз қалмайтынын да қатаң ескертті. Жағдайды пайдаланып қалу мақсатын көздеп отырғандарға бағаны шарықтатуға жол бермеу маңызды. «Ондайларды анықтап, қатаң жазалайтын боламыз», деді Президент. Мемлекет басшысы баға мәселесі бойынша Үкімет осы бағыттағы жұмыстармен айналысатынын айтты.
Ең бастысы, еліміз тыныш, ішкі бірлігіміз бекем. Еліміз бұған дейін де бірқатар дағдарыстардан өткен болатын. Бұл қиындықтан да шығатын боламыз. Ал мемлекетіміз барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындай береді. Бұл жағынан қобалжудың реті жоқ.
Қарапайым халықтың қалтасына ауыртпалық түспеу үшін қажетті шаралардың бәрі жасалатын болады. Күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бағасы қатаң бақылауда ұсталады. Облыста дағдарысқа қарсы штаб құрылды. Жергілікті жағдайды саралап, қажетті шаралар қолға алынады. Осы ретте мүмкіндігінше отандық тауарларды пайдаланудың маңызы жоғары екенін атап өткім келеді. Ол еліміздің өнім өндірушілерін қолдаудың бір жолы болмақ.
Ирина КИМ,
облыс әкімінің кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы