ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАЛПЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 1,5 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Қызылорда облысында 2015 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 352493,0 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейден 6,6% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 8,4% кемісе, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 12,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда – 4,0% құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының статиcтика басқармасынан хабарлады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдеге ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 17 128,7 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 1,5% артық.
2015 жылдың қаңтар-шілдесінде жүк айналымының көлемі 6980,2 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға кеміді.