ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫНДА 2 МЛН. 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН АЛКОГОЛЬ ӨНІМІ ТӘРКІЛЕНДІ
Хронометраждық зерттеуге алынған Қызылорда қаласындағы 25 нысанға қатысты, нақтырақ айтсақ, ресторандар, кафе, брендті сауда дүкендері және букмекерлік кеңселерге жүргізілген бір айдағы тексеру нәтижесінде олардың бір күндік табысы бірден 11 есеге дейін өсті, ал бюджет 4 млн. қосымша салық алды, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Бахыт Орданова.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің 627 бабы бойынша «Хронометраждық зерттеп тексеру – салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізілетін тексеру» заңына сәйкес 17 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында, қолма-қол түсімдердің толықтығына салықтық бақылауды күшейту мақсатындағы хронометраждық зерттеулер басталған болатын. Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан тексеруге алынған 25 нысан өздерінің 2014 жылғы салық есептіліктерінде бір күндік орташа табысын 378 мың теңге деп көрсеткен. Ал зерттеу барысында олардың бір күндік табысы 4 млн. 140 мың теңгеге жетті. Жекелеген салық төлеушілердің табысы 3-тен 30 есеге дейін өскені тіркелген. Кейбір кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшы санын азайтып көрсететіні анықталған.
Сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік жүктелетін заңбұзушылық фактісі де тіркелген. Шара барысында лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатып келген бір салық төлеуші анықталып, оның 2 млн. 400 мың теңге тұратын 512 шыны алкоголь өнімі тәркіленді. Оған қатысты Экономикалық тергеу қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 214 бабымен қылмыстық іс қозғады. Ал құны 1 млн. 257 мың теңге тұратын 3265 бөтелке алкоголь өнімдері ҚР Үкіметі белгілеген (ҚР Үкіметінің 16.03.2015ж. №143 қаулысы) ең төменгі көтерме бағасынан төмен бағамен сатылғандықтан, айналымнан алынып, материалдар сотқа берілді.
Хронометраждық зерттеулер жыл аяғына дейін жалғасатын болады.