2015 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ ТҰТЫНУ РЫНОГЫНЫҢ БАҒАЛАРЫ
2015 жылғы шілдеде тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі 100,1 пайызды құрады. Қызылорда облысы бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі ағымдағы жылдың шілде айында өткен аймен салыстырғанда 100,1%-ды құрады. Оның ішінде, азық-түлік тауарлары бағасының индексі 99,8%, азық-түлік емес тауарлар- 100,3% ақылы қызметтер көрсету – 100,4%, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасы.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі сәбізге 6,3- ға, темекі өнімдері 4,7%-ға белгіленсе, ал, қияр – 40,7%-ға, қызанақ – 40,1%-ға, қырыққабат – 8,6%-ға, жұмыртқа 6,1%-ға, жуа –4%-ға, шикі сүт – 2,8%-ға төмендегені байқалды.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның тұрғын үй-жайларды ағымдағы күтіп ұстау және жөндеуге арналған материалдар 1,9%, киім және аяқ-киімге 0,4%-ға өскені байқалды. Ақылы қызмет көрсету саласында жолаушылардың әуе көлік қызметі бағасы 3,2%-ға, кешенді демалыстарды ұйымдастыру 2,6%-ға, тарату желілер бойынша тасымалданатын табиғи газ 0,7%-ға, жоғарылады.