БАЛЫҚ ӨНІМІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА, ДАНИЯ МЕН ГЕРМАНИЯҒА ЭКСПОРТТАЛУДА
«СПК Қызылорда балық» ЖШС балық өңдеу цехы 2011 жылдың шілде айынан бастап жұмыс жасап келеді. Компанияның негізгі жұмыс бағыты – халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жоғары сұрыпты балық өнімін өңдеу.
- Дайын өнім қоймадағы тоңазытқышта сақталады. Өзіміз аулаймыз, өзіміз өңдейміз, өзіміз сатамыз. Барлығы бақылауда. Сапалы көксерке еті беті тегіс және ақ түсті болуы қажет. Тартымсыз келбет, қабыршақ қалдығы мен мұздың қалың болуы алдыңызда сапасыз өнім тұрғанын айқындайды. Бүгінгі таңда біз дайын өнімді Ресей Федерациясына, Дания мен Германияға экспорттаймыз, - деп түсіндірді компания директоры Аманбай Ерхатов.
«СПК Қызылорда балық» ЖШС компания өз қызметін бастаған күннен бастап тауардың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды бірден қолға алды. Осы бағытта мыңдаған тұтынушылардың сенімі, 2011 жылы компанияның балықтың тартылған етін шығаруы, СТ ҚР ИСО 22000-2006 сапа менеджменті жүйесін және балық өңдеу мен балық өніміне СТ ҚР ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесін енгізуі, сондай-ақ жаңа құрал-жабдықтар сатып алуы компанияның жетістікке жетуінің дәлелі бола алады.
«Ауланатын балық санының артуы өз кезегінде мұздатқыш камералардың да жетіспеуіне әкеп соқтырды. Мәселені шешу үшін біздің компания мұздатқыш камералар мен арнайы техникалар сатып алуға несие алды. Аталған жоба бойынша «Даму» Қорының 51 млн. теңге көлемінде кепілдендіруі арқасында несиеге қол жеткізіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдық. Осының нәтижесінде біз тұтынушыларымызбен жаңа келісім-шарттар жасасып, олардың санын арттыру мен қайта жаңарту жасадық және ең бастысы — жеткізу санын арттыра алдық. Ендігі кезекте, алдағы 2-3 жылда жобаның құны толық ақталады деген сенімдеміз. Жобаның тең жартысына кепілдік қоя отырып несие алу – бұл нақты мемлекет көмегі», — дейді кәсіпкер.