ШІЛДЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СӘЙКЕС КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 3,6%-ҒА ҚЫМБАТТАДЫ
2015 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды Статистика Комитетінің сайты.
Атап айтқанда, жармалар 19,9%, алкогольді ішімдіктер 8,2%, кофе, шай және какао 7,6%, тоқаш және ұн өнімдері 6,9%, кондитерлік өнімдер 6,8%-ға, ұн, балық және теңіз өнімдері 6,4%-ға, нан 6,1%, макарон өнімдері 4,5%, сүт өнімдері 4,3%-ға қымбаттады. Ал қант 11,1%, май және тоң май 1,2%, жемістер мен көкөністер бағасы 0,9%-ға төмендегені байқалып отыр.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,8%-ды құрады. Шұжық өнімдері 6,7%, шошқа еті 5,5%, құс еті 1,2%-ға қымбаттап, қой еті 0,7%-ға арзандаған.
Айта кетейік, тамақ өнімдерінің бағасы Қазақстанның ірі қалаларындағы базарларда тіркеледі.