GS САРАПШЫСЫ: МҰНАЙ БАҒАСЫ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 50 ДОЛЛАР БОЛУЫ МҮМКІН
Goldman Sachs сарапшысы Майкл Делла Вигнаның пікірінше, «қара алтын» бағасы 2020 жылға дейін ағымдағы шамада қалуы әдбен мүмкін, деп хабарлайды Вести.
Оның айтуынша, ірі мұнай өндіру компаниялары осыған ұқсас болжамдарға сүйеніп, қазір шығынды белсенді түрде оңтайландыруда: тиімсіз жобаларды тоқтатып, қызметкерлер санын қысқартуда, жұмыс тиімділігін арттырып жатыр.
«Компаниялардың есебі шығынды азайту процесі жеделдеп жатқанын көрсетіп отыр. Барлық өңірде мұнай өндіру тиімділігі артуда: АҚШ-тың барлық дерлік тақтатас кен орнында өнімділік едәуір өскен. Осының барлығын ескере отырып, біз мұнай бағасы әлі ұзақ уақыт бойы төмен шамада болады деген қорытындыға келдік. Біздің болжамға сәйкес ағымдағы онжылдықтың аяғында мұнай баррелінің құны 50 доллар шамасында болады», - деді ол.