ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 5 280 ТОННА ҚҰРАЙТЫН ЕТ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Қызылорда облысында ағымдағы жылы қуаттылығы 5 280 тонна құрайтын ет өңдеу орталығы іске қосылатын болады. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Бахыт Жақанов хабарлады.
Осы орталыққа етті қабылдау үшін жергілікті фермерлермен, оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал өсіріп отырған шаруалармен келісімдер жасалуда. Орталықта дайындалған етті экспорттау үшін «ҚазАгроӨнім» АҚ алдын-ала жүргізілген келіссөздер бойынша Иран және Пакистан елдерінің сұраныстары бойынша экспорттау мәселелері пысықталуда. Сонымен қатар, 50 мың бас қой бордақылау, 7,0 мың тонна қозы етін өндіретін комбинатының жобасын іске асыру жоспарлануда.
«Аталған жобалар бірінші кезекте тұтынушылардың жас етке деген сұраныстарын қамтамасыз етіп, кезегінде ет өңдеу кәсіпорындарының белгіленген қуаттылықтарында жұмыс жасауына мүмкіндік туғызылатындығын көрсетеді. Осы жобаларды іске асыруға Үкімет қаулысына сәйкес ет және сүт өндірісін дамытумен айналысқан инвесторларға мемлекет тарапынан қомақты қаржы қаралып, тауарлы ірі қара малы мен уақ малдарының құрылымдарына қажетті сатып алынған техникалар мен қондырғыларға және жайылымдарды суландыру үшін қазылған шеген құдықтар мен ұңғымаларға (скважина) жұмсалған шығындарының бір бөлігінің орнын толтыруға басым бағыт беріліп субсидия бөлінген. Осы мақсатқа облыс бойынша 75,0 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні ет бағытындағы МІҚ малын өсіретін фермерлік қожалықтар 8 дана техника және қажетті 10 дана қондырғылар сатып алды»,- деді өз сөзінде Бахыт Жақанов.
Сондай-ақ, «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу» жобасы бойынша облыста 16 дана құдық қазылды. Бұл жұмыстар отарлы мал шаруашылығын дамыту бағытында жасалып жатыр.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА