СЫРДЫҢ АҚ МАРЖАНЫ БІРНЕШЕ ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА
Сыр күрішшілері жаһандық тауар өндірушілермен бәсекеге түсуге дайын, деп хабарлайды «24 кз».
Ақмешіттің диқан қауымы Қызылорданың ақ маржаны төрткүл дүниенің сауда орталық сөрелерінен орын алатын күн жақын деп есептейді. Өйткені сырбойылық агроөндірушілер әлемдік талапқа сай технологиямен күріш ақтайды. Оның үстіне ауылшаруашылығына енгізілген инновациялық тәсілдер арқылы өнімділікті еселеуге қол жеткізіп отыр. Жуырда ғана ашылған «Жан Арай Жем» агрокешені қазірдің өзінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға күріш экспорттайды. Аграрлар қазақ елінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі арқасында күрішшілер кәсібінің көкжиегі кеңейе түсетініне сенімді.
- «Сыр күріші – ел ырысы» деп бекер айтпаған. Сондықтан Сыр күрішін әлемнің үлкен сауда орталықтарында көреміз деп ойлаймыз. Елдің ішінде ғана бәсекеге түссек, енді бүкіл дүниежүзілік тауар өндірушілермен бәсекеге түсеміз. Сондықтан бұл – біз үшін жауапты сын, - дейді «Жан Арай Жем» ЖШС құрылтайшысы Бақдәулет Мақашев.