ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ЖАҢА ҚАУЫН СҰРПЫН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ
Қызылордалық ғалымдар қауын сортының сапасын арттыру тұрғысында ізденуде. Сыр өңірінің әйгілі «Қара күләбісін» айтпағанда соңғы он жыл бедерінде жаңадан 5 түрлі сорт қолданысқа енген екен. Мамандар биыл да будандастыру жолымен жоғары сұрыпты тұқым алуға ниетті, деп хабарлайды «24 кз».
Қауынның дәмі құрып барады. Бал татитын байырғы түрлері қайда? Бүгінде көпшіліктің көкейінде жүрген – осы сұрақ. Оның үстіне түрлі өсімдік аурулары мен зиянкестер де дария бойындағы диқандарды титықтатып біткені рас. Көп жылдардан бері Сыр өңірі шаруаларының басын қатырған бір мәселе бар. Ол: қауын дәл осылай жайқалып, пәлек жайып, түйнектей бастаған кезде «қауын шыбыны» деген ауруға ұшырайды екен. Ал одан құтылу үшін ең бастысы егінжайды бала мәпелегендей етіп дұрыстап қарап, дәрі-дәрмегін дер кезінде бүркіп отса, ешқандай зиянкес жоламайды. Көкөніс, бақша дақылдарының бабын жақсы білетін жандардың бірі – Күлмайра Бөгенбаева. Ол осы салада отыз жыл тер төккен. Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының маманы бүгінде қауын сортын жаңалауға сүбелі үлес қосып келеді.
- Бізде қауындардың 60 сұрып үлгілері бар. Олар әртүрлі елден әкелінген. Оның ішінде Ресей, Украина, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан және т.б. елдерден әкелінген сорт үлгілері бар. Солардың бәрін сеуіп болғаннан кейін 10 күн сайын суарып отырамыз. «Сырдария», «Дәмелі», «Ната», және «Балшекер». Бұл – соңғы он жыл бедерінде Сыр бойында пайда болған қауынның жаңа сорттары. Дегенмен Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының мамандары бойына бар жақсы қасиетті жиған, күрт континентальды аймаққа қолайлы әрі ерте пісетін, дәмі тіл үйірер, қабығы қалыңдау тұқым түрін шығаруға ниетті, - дейді қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Күлмайра Бөгенбаева.
- Біз жаңа сорттарды дүниеге әкеліп қана қоймай, бұрынғы жергілікті сұрыптардың да сапасын жақсартуды қолға алдық. Биыл Қаракүләбі және Сырдария сорттарын жоғары дәрежелі элита сұрыпына дейін жеткізіп, шаруашылықтарға тегін таратуды көздеп отырмыз. Орта Азия елдерінен әкелінген 400-ден астам қауын тұқымы институт қорында сақтаулы. Олардың 60-тан астамы биылғы маусымда алақандай ғана алқапқа егіліп, будандастырылуда, дейді қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Валентин Тянь.
Көп ұзамай Сыр елінің жаңа брэнді де дүниеге келуі ғажап емес. Ең бастысы – сағымдай болған сол бір тәтті шақтарды қайта оралту қызылордалық ғалымдардың басты арманы.