ӘРБІР ҮШІНШІ КЕПІЛДІК АЛҒАН ЖОБА – БҰЛ БАСТАУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАСЫ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды жасады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасының іске асырылуы нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша бағдарламаның оң динамикасы және ауқымды бюджеттік, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі көрсетіліп отыр.
Облыс әкімшілігімен, Қаржылық агенттік және облыстағы екінші дәрежелі Банктермен бірлесіп, тиімді жұмыс атқарылуы нәтижесінде, бағдарламаның негізгі өнімдері – субсидиялауға және кепілдеме алуға облыстың жеке кәсіпкерлік субъектілері тарапынан тұрақты сұраныс артқаны байқалады.
Мемлекет тарапынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлік несиелерге кепілдеме беру құралының артықшылықтарын ескерген бағдарламаға қатысушы екінші дәрежелі банктер қатары Қызылорда облысында көбеюде.
Бағдарлама жүзеге асқаннан бері Қызылорда облысында Қор тарапынан 87 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына оң шешім шығарылып, субсидиялау туралы келісім-шарты жасалды. Кепілдендіру бағдарламасы бойынша 82 жоба кепілдендіріліп, несие портфелінің құны 2,4 млрд. теңгені құрады.
Кепілдеме беру нәтижесінде 1066 жұмыс орны сақталып, жаңадан 650 жұмыс орны ашылды. Бағдарлама аясында кепілдеме алған кәсіпкерлер салық түрінде және т.б. төлемдер арқылы бюджетке 784,8 млн. теңге түсірген. Яғни, бюджеттік шығындарды есептегенде (кепілдеме мөлшерінің 20%-ын облыс әкімшілігі ұсынады) мультипликаттық тиімділік төрттен бірінен асып отыр, ал кепілдеме мен субсидиялауды қатар қолдану арқылы синергетикалық тиімділік жоғары көрсеткіш көрсетуде.
Кепілдеме жасалған жобалардың салалық құрылымына қарай отырып (54%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, 15% - көлік, 11% - білім беру және денсаулық сақтау), Қормен кепілдеме жасау құралының кешенді әлеуметтік және экономикалық тиімділігін байқауға болады.
Әрбір үшінші кепілдік алған жоба – бұл бастаушы кәсіпкерлердің жобасы. Бұл өз кезегінді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санының көбеюіне оң ықпалын тигізіп отырғанын көрсетеді.
Жалпы алғанда, кепілдеме жасалған 1 шартты жоба бюджетке 10,9 млн. теңге түсіреді, 15 жұмыс орнын сақтайды және 9 жаңа жұмыс орнын ашады. Бұл тиімділікке қысқа мерзімде қол жеткізуге болады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы шағын және орта бизнес субъекктілеріне, бизнесті жаңа модельмен құру, бизнестегі проблемаларды шешу және модельдеуді оқыту мәселелері бойынша қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында бірінші жартыжылдықта Қызылорда облысы бойынша «Шағын және орта бизнес топ-менеджментіне оқыту» жобасына сәйкес 11 кәсіпкер Астана қаласында «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебінің базасында оқып келді.
«Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасының «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі аясында, яғни Алматы, Астана қалаларында 3 апталық оқыту курсын 11 жеке кәсіпкерлік субъектілер оқыды және екінші кезеңі аясында, Қазалы қаласының Әйтеке би кентінен және Қызылорда қаласынан екі кәсіпкер Германияға бизнестік-стажировкадан өтті.
«Даму» Қорының «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықта мүмкіндігі шектеулі 14 мүгедек кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілу арқылы қажетті құрал-саймандары сатып алынды.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шамамен 1500 клиентке 3000-нан аса бухгалтерия, заң қызметі, маркетинг пен мемлекеттік бағдарламалар бойынша сапалы қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты мақсаты - барлық әрекет етуші және бастаушы кәсіпкерлерге «бір терезе» режимінде бизнесін жүргізу үшін барлық сала бойынша қажетті тегін кеңестер беру, сонымен қатар оқыту болып табылады.