ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ БИЫЛ 8,5 МЫҢ ТОННА ӨНІММЕН ТОЛЫҒАДЫ
Қызылорда облысында бағаны тұрақтандыру бағытында шаралар қабылдау үшін биыл облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні ұн, күріш, қант сатып алынып, тұтынушыларға базардікінен төмен бағамен сатылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстармен аймағымызда «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы айналысады. Азық-түліктер тұрақтандыру қорынан 12 әлеуметтік дүкенге жөнелтіледі. Биыл қор 8,5 мың тонна өніммен, оның ішінде 2 мың тонна картоп, осынша көлемдегі пияз, мың тонна сәбіз, қант, күріш, макарон, күнбағыс майы, шәй және тұзбен толығатын болады.