ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жыл соңына дейін Қызылордада құны 3,4 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлады.
Жыл басынан бері жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 56 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін тағы 266 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Ал «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 мектеп пен 1 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 433 млн. теңге бөлінді.
«Жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста бұл көрсеткіш 5,2 пайызды құрады», - дейді Гүлнар Баймаханова.