МҰНАЙ БАҒАСЫ ТАҒЫ ДА ТӨМЕНДЕДІ
Мұнай бағасы тағы да төмендеді деп жеткізеді Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компания тобының сарапшысы Валерий Полховский.
Оның айтуынша, апта бастала салысымен АҚШ авиациясы қолдауымен Ирактың күрд қарулы күштері алдында ИЛИМ (Ирак және Леванта ислам мемлекеттері) экстремистік ұйымының сарбаздары басып алған бірқатар нысан мен территорияларды өз бақылауына алуда мұнайдың негізгі сорттарының бағасы қысымға ұшыраған.
Өткен аптада мұнайдың еуропалық Brent маркасындағысының бір баррелі 102,15 долларды құраған. Америкалық мұнай - WTI-дің бір баррелі 94,43 доллар көлемінде саудалануда. Келісімшарттар арасындағы айырма 7,77 долларды қамтиды" дейді ол.
Сарапшының сөзіне қарағанда, Күрдістан атқарушы билігінің басшысы Фауд Хуссейн пешмерга деген атпен белгілі күрдтің қарулы күштері Мосул қаласы маңындағы стратегиялық маңызды дамбаны жақын күндері өз бақылауына алатынын, сөйтіп Ирактың солтүстік-батыс бөлігін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туатынын мәлімдеген. Ол осы демалыс күндері АҚШ-тың әуе әскери күштері ИЛИМ сарбаздарының майдан шебін атқылайтындығын да айтқан. "Күрдтердің әскери жетістігі халықаралық нарыққа жеткізіліп жатқан 2,7 миллион баррелді түгелдей игеріп жатқан елдің оңтүстігіне шиеленістің ұласпауын белгілі бір деңгейде қамти алады" дейді ол.
Дегенмен Полховский Берлинде Ресей мен Украина СІМ басшылары қарулы қақтығысты доғаруды мақсат ететін келіссөзді жүргізіп жатқанын айтады. Бірқатар БАҚ Владимир Путин мен Петр Порошенконың жуырда кездесу мүмкіндігін болжаған. Сарапшы осыған байланысты мұнай бағасы тағы да қыспаққа түсіп жатыр дейді. "Мұнай бағасы маусымның ортасынан бері белсенді түрде бағамын жоғалтуда, шамамен 12 пайыз" дейді ол. Сарапшының айтуынша, мұнайдың Brent маркасындағысының бағасы құлдырауын жалғастырады. Оған бірқатар негіз бар. "Егер мұнайдың бір баррелінің бағасы 101,85 долларға түссе, онда ар жағынан 100 доллар да бас көрсетеді" дейді Полховский.