«ЕГІН-2015» БАҒДАРЛАМАСЫ ДИҚАНДАРҒА ОТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРДЫ АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
«ҚазАгроҚаржы» АҚ диқандарға жеңілдетілген шарттар бойынша отандық техникаларды сатып алуға мүмкіндік беретін «Егін-2015» бағдарламасын іске қоспақ, деп хабарлайды BNews.kz.
«Биылғы жылдың көктемгі егіс және астық жинау науқандарына «ҚазАгро» ұлттық холдингі 100,6 млрд теңге жұмсайды. Бұл агросаладағы маусымдық жұмыстарды қаржыландырудың өткен жылғы көрсеткішінен 16 пайызға жоғары. Бұдан бөлек аграрийлерге астық жинау науқанын жүргізуге көмек ретінде отандық өндірістегі комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бағдарлама шарттары 7 жыл мерзімге аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескергенде, сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайтынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.