2014 ЖЫЛҒЫ ТҮЗЕТІЛГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ 32,1 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ОРЫНДАЛҒАН ЖОҚ
2014 жылғы түзетілген республикалық бюджет шығыстары 32,1 млрд. теңгеге орындалмады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті.
«Кірістердің іс жүзіндегі түсімдері нақтыланған жоспардан 125,2 млрд. теңгеге немесе 2,1 пайызға, түзетілген жоспардан 44,5 млрд. теңгеге немесе 0,7 пайызға азайып, 5,9 трлн. теңгені құрады. Шығыстар түзетілген жоспардан 32,1 млрд. теңгеге немесе 0,5 пайызға, нақтыланған жоспардан 80,7 млрд. теңгеге немесе бір пайызға орындалмай, 7,4 трлн. теңгені құрады»,- деді Қ.Жаңбыршин.
Оның атап өтуінше, өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджет кірістерінің жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі трансферттерді есепке алмағанда соңғы үш жылда төмендеуі байқалады.
«Бұл салықтық және кедендік әкімшілік етудің жеткілікті түрде тиімді еместігін көрсетеді. Бюджетке түсетін аванс түсімдері көлемі өсіп, бүгінгі таңда ол республикалық бюджет кірістерінің атқару құралдарының біріне айналды. 2014 жылы салықтар бойынша республикалық бюджетке түскен артық төлем 1,7 трлн. теңгені немесе нақты түсімдердің жартысына жуығын құрады. Салықтық және кедендік әкімшілік ету сапасының тиісінше болмауы салық тәртібінің төмендеуінен және салық заңнамасының бұзылуынан туындап отыр»,- деді Есеп комитетінің төрағасы.