ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ШАЛҚИЯ» КЕН ОРНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Таяу жылдары Қаратау етегіндегі «Шалқия» кенішінен кен байыту фабрикасын салу көзделіп отыр. Айтулы жоба алдағы 3 жылда жүзеге асады. Бұл туралы 24.кз хабарлайды.
- Шалқия кен орнында 129 млн тонна руда есептеледі. Соның жылына 4 млн тоннасын игерсек, сонда осы өндіріс орны 32 жыл жұмыс істейді. Табиғи байлықты ел игілігіне жарату үшін өткен жылы кен орны толықтай ұлттық компанияның еншісіне берілді. 2017 жылдың соңына дейін бұл маңнан заманауи кен байыту фабрикасын іске қосу көзделуде. Шалқияның шалқар шағын оралту үшін тартылатын инвестиция көлемі – 467 млн АҚШ доллары, - дейді кен жұмыстарының басшысы Талғат Оразғалиев.
Комбинат жылына 2 млн тонна кен өңдеп шығаратын болады. Ал толықтай жоспарлы өндірістік қуатына кіріскен кезде, 4 млн тонна кен шығарады. Қазір кен орнында 280 адам жұмыс істеп жатыр, ал жоба толық жүзеге асқан кезде, 1 мың 500 жұмысшы еңбекпен қамтылатын болады. Өңір өндірісін жаңа белеске көтеретін мұнан өзге де кешенді жоспарлар бар. Соның бірі – Қызылорда қаласында қуаттылығы 162 мың тонналық ферроқорытпа зауытының құрылысын бастау.