«ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ 2015 ЖЫЛДЫҢ 1 МАМЫР АЙЫНА АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы 2015 жылдың 1 мамыр айына атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, аймақтың кәсіпкерлік әлеуеті күн санап артып келе жатқанын байқатты. Мемлекет тарапынан да бизнес-климатқа қолайлы жағдайлар жасалуда. Тек жыл басынан бері аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 899 млн.теңге болатын 16 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларына оң шешім шығарылып, 15 субсидиялау бойынша келісім-шарт жасалды. Бөлшек кепілдендіру бағдарламасы бойынша 10 жоба кепілдендіріліп, несие портфелінің құны 352 млн. теңгені құрады. Еске сала өтсек, кепіл мүлкі жетіспеуі салдарынан қор тарапынан көрсетілетін жобаларға кепілдендірудің саны жағынан Қызылорда облысы Қазақстан бойынша алғашқы орында.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (әрі қарай КҚКО) білікті мамандардың кеңесіне мұқтаж бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге қызмет көрсетіліп келеді. Ағымдағы жылдың 1 мамырына қаламыздың 1940 тұрғынына бухгалтерия, заң қызметі, маркетинг пен мемлекеттік бағдарламалар бойынша сапалы сервистік қолдау көрсетілді. КҚКО кеңесшілері кеңестік қызметпен қатар, тұрақты түрде оқыту тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып тұрады. Жыл басынан бері КҚКО базасында 8 семинар өтіп, оның ішінде 2 тренинг «Сен-Кәсіпкерсің» тақырыпта Жастарды қолдау орталығымен бірлесе 18 бен 29 жас аралығындағы бастауыш кәсіпкерлерге арнап ұйымдастырылды. Семинар қатысушыларына сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ, қалалық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында Қызылорда қаласының әкімшілік басқаруындағы 9 ауылдық округтерде семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, Даму Қорының қызметкерлері Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасымен бірге жастарды бизнеске тарту мақсатында қаланың 21 жоғары және орта оқу орындарында студенттермен кездесулер ұйымдастырды.
«Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында12 топ-менеджерлер «Назарбаев Университеті» АҚ оқудан өтіп, шетелдік білікті тренерлерден мемлекет қолдауы арқылы табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін үйреніп келді. Қазалы ауданының кәсіпкері Алмас Әділбаев пен Қызылорда қаласының кәсіпкері Ли Валерий «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші этапы аясында Германия елінде өткен тегін бизнес-тәжірибеден келді. Бірден Қызылордалық үш компания «Аға сеньорлар» жобасы бойынша шетелден маманшақыруға өтініш берді. Кеңес беру бағдарламасы бойынша Аға сеньорлардың жобаның қатысушысы мен кәсіпорын аумағында кездесулері ұйымдастырылып, эксперттің практикалық нұсқаулары және Бағдарлама қатысушылары толтырған өтініштерді талдау негізінде құрылған ұсыныстар таныстырылады. Сонымен қатар, эксперттік көмек бойынша кәсіпкерлерге оқыту семинарын өткізу де қарастырылған. Ескерте өтетін маңызды жайт, «Аға сеньорлар» компоненті аясында шетелден эксперт тарту бойынша шығындарды және жергілікті аймаққа ұшып келу мен шетелдік эксперттің қызметіне кетенін шығындардың барлығын мемлекет өтейді. «Prime Clinic LTD» ЖШС-і, «ТОО Bekey City проект строй» ЖШС-і және «YES» ЖК аталған бағдарламаның беретін мүмкіндігін тиімді пайдаланатын болды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы тарапынан мүмкіндігі шектеулі 8 бастауыш кәсіпкерге көмек көрсетілді. «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек алуға өтініш берген мүгедек кәсіпкерлер қайырымдылық көмекке ие болды. Демеуші болған кәсіпкерлер Асхат Шеріпов, Берік Жандаулетов және Айкенже Мұханова мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан бизнес бастауға ұмтылған азаматтарға тігін машиналарын сыйлады.