ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮИИД АЯСЫНДА АШЫЛҒАН КӘСІПОРЫН СҰРАНЫСТЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ТОҚТАП ТҰР
Қызылордада 2011 жылы аймақтық индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорын тоқтап тұр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.
Қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын жалғыз шағын зауыт «АзовАралАгромаш» БК» ЖШС халықаралық серіктестік негізінде ашылған еді. Техниканы құрастыру үшін қосалқы бөлшектер Словакия мен Украинадан жеткізіледі.
Кәсіпорында күріш, шөп жаткалары, жинағыш, тіпті тракторларда құрастырылады. Алайда, зауыттың өнімі маусымдық болғандықтан, жылдың алғашқы жартысында кәсіпорын тоқтап тұрды. Күз және қыс мезгілінде жаткаларға сұраныс жоқ, аздаған техника тек шөп шабу кезінде ғана сатылады. Ал тұрақты сұраныс болмай отыр.
2013 жылдың екінші жарты жылдығында кәсіпорын 120 млн теңгенің күріш жаткаларын құрастырды. Қазір бұл жаткаларды өткізу процесі жүріп жатыр. Екінші жарты жылда зауытта техниканы құрастыру қайта жанданады деген үміт бар.