ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛУ КОНКУРСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНА БАСТАДЫ
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алу конкурсына қатысуға өтініштер қабылдана бастады.
Бағдарламаның шарты бойынша барлық инновациялық идеясы бар бастауыш кәсіпкерлер өз бизнесін бастауға қайтарымсыз негізде 3 миллион теңгеге дейін грант ала алады.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкерлер Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына құжаттарын толықтай өткізулері керек. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2015 жылдың 12 мамырына дейін созылады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өз бизнесіңізді жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.