ҚАЗАҚСТАНДА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда бұған дейін бизнесті қолдау мен дамыту үшін қабылданған бірқатар салалық бағдарламаларды (оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы да бар) біріктіріп, еліміздегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметіне Бірегей бағдарлама жасау туралы тапсырма берген болатын. 2015 жылдың наурыз айында Үкімет «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламаны қабылдау туралы» арнайы қаулы қабылдады. Аталған жаңа бағдарламаның қаржылық агенті болып «Даму» Қоры, ал оператор – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен акиматтар бекітілді. «Даму» Қоры банктердегі несиелер мен лизингтік компанияларды субсидиялап, жеке кәсіпкерлік нысандарына кепілдеме береді. Бұған қоса, Қор қаржысыз жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» деп аталатын жобалардың да негізгі орындаушысы болып табылады.
Құжаттың мақсаты – кәсіпкерліктің дамуы мен оның өркен жаюын қамтамасыз ету, аймақтарда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау.
Бірегей бағдарламаның басты мақсаты – ауыл-аймақтарда, шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлерге қаржылық құралдарды қолжетімді ету. Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы ауылдардағы, шағын және моноқалалардағы кәсіпорындардың қуатын арттыру көзделген. Бағдарламаның тағы басқа мақсаттары бар. Ол – тұрғындарды кәсіп ашуға ынталандыру, өңдеуші салалардағы кәсіпорындардың тауар шығару әлеуетін арттыру, бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды шағын және орта бизнес саласына көптеп тарту, шетел валюталары бағамының құбылуына байланысты валюталық тәуекелдердің несиелерге әсер етуін болдырмау.
Бірегей бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Жаңа бизнес жобаларды қолдау. Бұл бағыт, әсіресе, ауылдық жерлер мен шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлерге, кәсіп ашып, шаруасын дөңгелеткісі келетіндерге арналған. Аталған елді-мекендердің тұрғындары үшін ешқандай салалық шектеу жоқ. Кім немен айналысқысы келеді? Бұл маңызды емес. Бастысы – мақсаты айқын болса, жетеді;
2. Салалық қолдау. Бұл бағыт бойынша мемлекеттік қолдау экономиканың басымдық берілген салаларындағы кәсіпкерлерге, сондай ақ, Индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы аясындағы өңдеу өнеркәсібі салаларына беріледі;
3. Валюталы тәуекелдерді болдырмау . Бұл бағыт та экономиканың басым бағыттарындағы кәсіпкерлерге, және сондай ақ, Индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы аясындағы өңдеу өнеркәсібі салаларына қатысты;
4. Қаржысыз көмектер көрсетуді қолдау. Оған кімдер қатыса алады? Кәсіп ашуға ынталы және шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатыса алады. Бұл бағыт бойынша қолға алынған шаралардың бірқатарын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.
Бірегей бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі құралдар:
Бірінші бағыт – жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыру төмендегі құралдар арқылы жүзеге асырылады:
а) несие/лизингтік мәмлелер бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау. Субсидияның мөлшері – несие/лизинг бойынша сыйақы үстемесін жылдық 10%;
б) несиелерді ішінәра кепілдендіру. Еске сала кетсек, 20 млн теңгеге дейін қаржы алған кәсібін енді бастағандардың несиесі 85% дейін, ал шаруасын дөңгелетіп отырғандардың 180 млн. теңгеге дейінгі несиелерінің жартысына жуығы - 50% - кепілдендіріледі;
в) мемлекеттік гранттар беру. Бір кәсіпкер 3 млн. теңгеге дейін грант ала алады.
Екінші бағыт – салалық қолдаулар мынадай құралдар арқылы жүзеге асырылады :
а) несие/лизингтік мәмлелер сыйақысының үстемелері субсидияланады. Басым салалар бойынша сыйақы үстемесі жылдық 7% субсидияланады;
б) несиелерді ішінәра кепілдендіру. Басымдық берілген салалар бойынша, 360 млн. теңгеге дейінгі несиелердің 50% кепілдендіріледі. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларға бөлінген 1 млрд. 850 млн. теңгенің несиелері 20% кепілдендіріледі.
Үшінші бағыт – валюталы тәуекелдердің алдын алу үшін төмендегі құралдар қарастырылған:
а) несие/қаржылық лизинг келісімшарттары үшін сыйақы үстемелері субсидияланады. Теңгемен алынған несиелер жылдық 6 пайызбен, ал шетел валютасындағы несиелер жылдық 5% субсидияланады. Лизинг бойынша сыйақы үстемелері жылдық 7% субсидияланады.
2020 жылға дейін Бизнесті қолдау мен дамытудың бірегей бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ел экономикасына келетін пайда көлемі:
1. ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі көлемін 12,5% жеткізу;
2. ШОБ шығаратын өнім көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту;
3. ШОБ саласында белсенді жұмыс істеп тұрған нысандар санын 2014 жылғы деңгейден 50% арттыру;
4. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында нәпақа тауып отырғандардың санын 2014 жылғы көрсеткіштен 50% ұлғайту.
Анықтама үшін: Соңғы бес жылда «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
• Жалпы сомасы 1 056 млрд. теңге болатын несиелердің сыйақы үстемелерін субсидиялау арқылы 5170 жобаға қолдау білдірілді ;
• 39 млрд. теңгенің несиесіне кепілдеме болу арқылы 805 келісімшарт жасалды , кепіл болуға арналған сома мөлшері - 17,1 млрд. те ң ге;
• Тұрғындардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатындағы курстарға 81 мың адам қатысып, бизнес ашудың қыр-сырын үйренді. Сервистік қызмет түрлері 48 мың кәсіпкерге көрсетілді. 131 мыңнан аса адамға түрлі деңгейдегі кеңестер берілді.
Бес жыл ішінде аталған Бағдарлама аясында несие немесе басқалай көмек алып, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер 174,4 млрд. теңгенің салығын төлеп, 183 мың жұмыс орындарын сақтап қалды. Қосымша 54 мың жұмыс орны ашылып, 2,5 трлн. теңгенің өнімі өндірілді.
Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы несие алғандардың 13,3 пайызы осы мемлекеттік бағдарламаның қызығын көргендер. Бағдарлама аясында несие алғандардың 67 пайызы экономиканың басым секторы, яғни өңдеу өнеркәсібі саласына жатады. Банктер берген барлық несиенің 13,7 пайызы да осы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына тиесілі.