ТӨРТ КӘСІПКЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Қызылорда облысында 4 бастауыш кәсіпкер инновациялық жобаларын жүзеге асыруға 2 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегерлері атанды.
Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысына ұсынылған өңірдің 8 старт-ап кәсіпкерлерінің жобалары арасынан 4 жоба қолдау тапты. ЖК «Болат» - Шиелі ауданында цесарка құсын асырау жобасы, ЖК «Мейірімжан Тұрғынұлы» - Қазалы ауданында естелік сыйлықтар шығару жобасы, ЖК «Батыршаев» - Шиелі ауданында шеге шығару өндірісі мен ЖК «Шынахметов» - Арал ауданында пеноблок материалын шығару сияқты жобалары мемлекет қолдауымен жүзеге асырылатын болды. Кеңес мүшелері алдында барлық төрт кәсіпкер өз жобаларын таныстыру мақсатында сөз сөйлеп, жоба барысына толық тоқталып өтті. Нәтижесінде 8 жоба арасынан тиімділігі жөнінен 4 жоба іріктеліп, қолдау тапты. Ендігі кезекте олардың жүзеге асуына мемлекет тарапынан 8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінетін болды. Инновациялық жобаларың жүзеге асуы аясында өңірімізде жаңадан 16 жұмыс орны ашылатын болады.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алуға конкурс жариялаған болатын. Гранттық қаражат - бастауыш кәсіпкерлерге инновация бағытында ерекшеленетін және жаңашыл жобаларға қайтарымсыз негізде және кепілзатсыз беріледі. Өз жобасын конкурсқа ұсынуға талаптанған әрбір кәсіпкер ақысыз негізде өткізілетін «Бизнес-Кеңесші» оқыту жобасынан өтуі тиіс. Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкердің жобаны жүзеге асыруға, оның толық құнының 10 пайыздық өз үлесі болуы шарт.