БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚОРҒАУ ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРІП ЖАТЫР
Байқоңыр қаласының Әкімшілік басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко 2016 жылдан бастап Ресейдің Қаржы министрлігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағының қаржыландырылуын тоқтату ниеті туралы «Известия» газетіне жариялаған ақпаратына өз пікірін білдірді.
А. Петренко: «Осыдан бір ай бұрын қалалық әкімшіліктің командасы Мәскеуге барды, онда олар бізге қажетті барлық бағыттар бойынша 2016-2018 жылдарға арналған қаланың бюджетін қорғады», – деді.
«Бізде 2050 жылға дейін жалға беру шарты – ғарыш айлағының да, қаланың да тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық шарттары жазылған, негізгі болып табылатын «Байқоңыр» ғарыш кешенін жұмыс істеуі жөніндегі үкіметаралық құжат бар», – деп сөзін толықтырып өтті.
Бүгінде ерекше мәртебесі бар Байқоңыр қаласында шамамен 70 мың адам тұрып жатыр, олардың жартысынан көбін Қазақстан Республикасының азаматтары құрайды.
Бұдан бұрын «Известия» газеті Роскосмостың ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің 2016 жылдан бастап ғарыш айлағын қаржыландыруды тоқтату ниеті туралы хабарлаған болатын. Басылым хабарлағандай, 2016-2018 жылдарға арналған федералдық жобадағы зымыран-ғарыш саласының ұстанымы соңғы екі аптада айтарлықтай нашарлады. «Известияның» мәліметтері бойынша қаржыландыруды тоқтату «Восточный» ғарыш айлағының құрылысымен байланысты болуы да және қаржыландыруды алуы мүмкін.

«Қазақпарат»