АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРАТЫН ТАҒЫ БІР ҚОР ҚҰРЫЛМАҚ
Мұндай мәлімет бүгін Парламент Мәжілісінің қабырғасында өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында негізгі баяндама жасаған Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкіметтің тапсырмасына орай, шағын несие ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыруға бағытталған арнайы Қор құру мәселесі қарастырылып жатқандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Тап осы күндері, біздің министрлік шағын несие ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыратын «Апекс-қорын» құру мәселесін пысықталып жатыр. Осы мақсатта Азия Даму Банкімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері арасында алдын ала кеңестер жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша Азия Даму Банкі «Апекс-қорын» Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры негізінде құруға, оны трансформациялау бойынша тиісті техникалық қолдауды көрсететін донорлық ұйым ретінде қатысуға дайын екендігін білдірді, - дейді Қайырбек Айтбайұлы.
Оның айтуына қарағанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын» шағын несиемен қаржыландыратын арнайы «Апекс-қорына» трансформациялаудың бірқатар артықшылықтары өріс алатын көрінеді.
- Атап айтқанда, осы арқылы негізгі қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, кәсіпкерлік субъектілердің микрокредиттерге деген сұранысын қанағаттандыруға, өндірілетін өнім көлемінің үлесін арттыруға, микроқаржылық ұйымдардың ауылды жерлердегі қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін болады, - деді вице-министр.