ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өз тарапынан заңнамамен белгіленген құзыреттері шегінде табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің қызметтеріне бақылауды жүзеге асырады.
Департаментпен Қызылорда облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығының жылумен қамтамасыз ету үшін ақы алу кезінде ысырап коэффициентін қолданудың негізсіздігі туралы өтініші негізінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына («ҚЖЭО» МКК) жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, өтініште көрсетілген фактілер расталды.
«ҚЖЭО» МКК-ны Диагностикалық орталыққа есептеу құралы көрсеткіші бойынша нақты пайдаланған жылу энергиясы көлеміне 1,141 мөлшеріндегі жылудың нормативтік ысырабы коэффициентін және желілік суды өздігінен жинаған кездегі жылу ысырабын қоса есептеген. Тексерумен анықталғаны, бұл коэффициент «ҚЖЭО» МКК-ның жылу желілеріндегі жылудың нормативтік техникалық ысырабының мөлшері болып табылады, ол Департаменттің 2013 жылғы 7 тамыздағы №106-НҚ бұйрығымен 14,1% мөлшерінде бекітілген және осы нормативтік ысыраптың мөлшері қолданыстағы тарифте ескерілген.
Алайда, «ҚЖЭО» МКК-ның жылу энергиясымен жабдықтау қызметі шартына сәйкес, егер есептеу құралдары екі жақтың теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасында орнатылмаған жағдайда, және де бөлу шекарасынан есептеу құралы орнатылған орнына дейінгі желідегі учаскеде ысыраптар болса, мұндай ысыраптар желінің иесіне жатқызылып, олар есептеу жолымен әрбір тұтынушыға жеке бөлек анықталуы қажет.
Сонымен, «ҚЖЭО» МКК-ны Диагностикалық орталыққа нормативтік техникалық ысырабы коэффициентін негізсіз қолдана отырып, Заңмен көзделмеген қосымша ақы алған, нәтижесінде субъект «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасы талабын бұзған.
Нәтижесінде, «ҚЖЭО» МКК-ны тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жасалып, субъект ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 3171200 теңгеге айыппұл салынды.
Одан басқа, Департаментпен енгізілген 18.03.2015ж. №12 нұсқамаға сәйкес Диагностикалық орталыққа 2014-2015 жылдары асыра алған 646543,61 теңгеге қайта есептесу жүргізілді.
Осындай бұзушылық фактілері басқа да заңды тұлғаларға қатысты жол берілуі мүмкін екендігін ескере отырып, Департаментпен «ҚЖЭО» МКК-ны атына тұтынған қызметіне төлемді есептеу кезінде 1,141 жылудың нормативтік ысырабы коэффициентін заңсыз қолданған, есептеу құралы бар тұтынушыларына қайта есептесу жүргізу туралы хабарлама жолданды.
Департаменттің ықпалды әрекеттерін қолдану нәтижесінде тұтынушыларға: есептеу құралы бар бюджеттік ұйымдарға, шаруашылық субъектілерге және өзге тұтынушыларға «ҚЖЭО» МКК-мен 2014-2015 жылдар бойынша жалпы сомасы 57 млн.теңгеге қайта есептесу (қайтарым) жүргізілді.
Сонымен, Департаментпен қабылданған ден қою шаралары нәтижесінде тұтынушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті