ҚАЗАҚСТАНДА ИНФЛЯЦИЯ НАУРЫЗДА - 0,1%, ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН - 1,1%-ДЫ ҚҰРАДЫ
2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция 0,1% құрады, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі статистика жөніндегі комитеті.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%, ақылы қызметтерге – 0,1%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарларының баға индексі 100%-ды құрады.
Өткен айда баға жаңа жиналған көкөністерге 2,5%, жаңа жиналған жемістерге – 1,6%, зәйтүн майына – 1,5%-ға, жеңсік емес тағам балық консервілеріне, шайға – 1%-дан, балқытылған ірімшікке – 0,9%, шұжық, ет өнімдеріне – 0,7%-ға, кондитер өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге – 0,6%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне – 0,5%-ға, жоғары сортты бидай ұнына, сүзбеге – 0,4%-дан өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа 2,5%, құс етіне – 2,2%, жұмыртқаға – 2,1%, күнбағыс майына – 1,6%, күрішке – 1,1%-ға, қарақұмық жармаға, айранға, картопқа – 0,9%-дан, мәйекті ірімшікке – 0,8%, шикі сүтке – 0,7%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға – 0,6%-дан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға – 0,5%-дан құрады. Баға бензинге 1,6%, дизель отынына – 1,7%, сұйытылған газға – 11,4%-ға төмендеді.
Баға деңгейі монша қызметтеріне 1,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге – 1,2%, денсаулық сақтауға – 0,6%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласына, мектепке дейінгі білім беруге – 0,4%-дан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 2,9%-ға арзандады, әуе көлігі – 5,1%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, электр энергиясына – 0,2%-ға өсті, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 2,9%-ға төмендеді.