ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР РЕСЕЙГЕ ТҰЗ, КҮРІШ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ЭКСПОРТЫН ҰЛҒАЙТТЫ
Қызылорда облысы өзінің экспорттық әлеуетін арттырды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
«Егер жыл басындағы өңірдің даму көрсеткіштерін өткен жылғымен салыстырсақ, экспорттың 73,5%-ға ұлғайғанын, ал импорттың 32,8%-ға қысқарғанын байқаймыз. Кәсіпорындар тауарларды ішкі нарықтан сатып алып жатқандықтан, импорт көлемі азайған», - дейді облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар.
Негізінен Қызылорда облысының өнімдері көрші Ресей еліне экспортталады.
«Экспорт құрылымында негізгі бөлікті техникалық және ас тұзы – 50,8%, күріш 48%-дан астам және балық алады», - деп нақтылады Сапар.
Естеріңізге салып өтсек, қазіргі таңда Қызылорда өңірінде балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді, олардың жалпы жылдық қуаты 11 мың тоннаны құрайды.
Ал «Аралтұз» комбинатында айына 23 мың тоннадан астам өнім өндірілсе, 6400 тоннасы ай сайын Ресейге экспортталады.