«ӨНІМДІЛІК-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ
Қызылордада құрылыс индустриясына қатысты 3 жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы BNews.kz индустриялдық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселен, «Мелиоратор» ЖШС жылына 500 мың тонна цемент өндіруге мүмкіндік беретін зауыт құрылысы жобасын қолға алған. Ал «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС әк өндіретін зауыт салса, «РМЗ-Шапағат» ЖШС «Үй құрылысы комбинатын салу» жобасымен аталған бағдарламаға енгізілді.
«Қазақстандық индустрияны дамыту» АҚ инвестициялық жобаларды әзірлеуге жұмсалған шығындардың жартысын өтеген. «БРК-Лизинг» АҚ «РМЗ-Шапағат» ЖШС-ына 615 млн теңге көлемінде лизингтік қаржы бөлуді жүзеге асыруда.