ТАҒЫ ДА 4 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Қызылордада Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидиялау мен кепілдендіру бойынша жобалар қолдау тапты. «БЖК 2020» бағдарламасының бірінші «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша жалпы құны 320017040 теңге болатын 4 жобаның екінші деңгейлі банктегі несие пайызын субсидиялау мақұлданды.
АҮК мүшелері «Сан-жар.kz» ЖШС, «Жомарт» ШҚ, «Абсұлтанова» ЖК және «ГазТрейд» ЖШС-нің бизнестерін кеңейтуге бағытталған жобаларын қолдады. Кепілдендіру мен субсидиялау бойынша бірден қолдау тапқан перспективалы бизнес-жобаның бірі – Шиелі ауданының жеке кәсіпкері Аманкүл Абсұлтанованың туған кентінде балық өндірісімен айналысатын цех ашуды көздеген жобасы. Жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Даму Қорының 50% кепілдендіруімен несие алып, оның үстеме пайызын мемлекет есебінен субсидиялауға қол жеткізді. Несие қаражатына балықты тұздап кептіретін кешенді құрылғы, мұздатқыш камералар, моторлы қайық пен дайын өнімді тасымалдауға арналған көлік сатып алуды жоспарлайды. Кәсіпкердің сөзінше оның цехы балықты аулайтын көлдің жағасында салынатын болады. Жобаның іске қосылған уақытында тұрақты 4 жұмыс орны ашылатын болады.
«Газтрейд» ЖШС-і мемлекет қолдауы аясында көліктерді газбен қамтамасыз ету станциясын ашу жобасын жасады. «Сбербанк» ДБ АҚ несие рәсімдеп, өз станциясына қажетті құрал-жабдықты сатып алуды көздейді. Жобаның жүзеге асуы Қызылордалықтардың жанар-жағар майға кететін шығынын екі есе азайтады десе болады, өйткені газдың бағасы бензиннің құнынан әлдеқайда төмен. Автокөлік иелері ендігі жерде өз темір тұлпарларын арнайы компанияларда қайта жабдықтап, «Газтрейд» ЖШС-нің АГҚБ газ құйдыртып алуына болады.
Еске сала өтсек, Қызылорда облысында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 899 млн.теңге болатын 16 жоба қолдау тапты.