«ДАМУ ҚОРЫ» БИЗНЕС ЖОСПАР ЖАСАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ҰСЫНАДЫ
Даму Қоры АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маркетинг бойынша кеңесшісі Айдос Көптілеуден арнайы кеңес.
Бүгінгі таңда, бизнес жоспар жазу сұрағы үлкен сұраныста болып тұр. Бастауыш кәсіпкерлердің басым бөлігінің, кейде әрекет етуші кәсіпкерлердің де алдында жоспарды шарықтау шегіне жеткізу қиындықтар тудыруда. Сонымен қатар, жоспар жазуды бастаудың өзі бірқатар тосқауыл тудырып жатады. Сондықтан, алдыңызға 5 қарапайым және тиімді шешім ұсынамыз.
1.Құрмалас сандар мен мәндерден жасқанбаңыз. Үлкен жобаны ұсақ бөліктерге бөліңіз.
Әдетте, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына кеңес алуға келген бастауыш кәсіпкерлер жоба жазу мәселесімен алғаш жолығады. Кейде, тәжірибенің жетіспеушілігі алда тұрған жұмыс туралы сан алуан және күрделі елестердің туындауына себеп болады. Сол себепті, олар бөгде мамандардың көмегіне жүгінеді, бұл жағдайда өзіндік жұмыстан бас тарту екендігін елемей жатады. Жобаны ұсақ бөліктерге бөлу арқылы алда тұрған мақсатты жеңілдетуді ұсынамыз. Тұрақты жұмыс және жобаны бүтіндей орындарына қою шеберлігі басталған істі соңына жеткізуге қарқын болады.
2.Жобаңызға ұқсас жобалар мен аналитикалық материалдарды оқыңыз.
Өзге елдер мен қалалардың тәжіребиесін аналитикалық материалдар түрінде түбегейлі зерттеуді бастауыш кәсіпкерлер коп жағдайда елемейді. Бұл жағдай өз ойын қағаз түрінде дұрыс жеткізуге машықтану мүмкіндігінен айырады. Осы себепті, аналитикалық материалдар мен оқулықтарды тұрақты түрде зерттеп жүргеніңіз абзал.
3.Қажетті талаптарға сәйкез жобаның есептерін шығарыңыз.
Бизнес жоспар есебінің дұрыс болуы ең маңызды көрсеткіш екендігі құпия емес. Әйтсе де, бұл фактті естен шығару жағдайлары жиі орын алады. Осыған қоса, есептеу шеберлігісіз кәсіпкер өз ісін жүргізе алмайтындығы баршаға мәлім. Сондықтан, бұл сұрақты өзіндік ақыл азығы ретінде қалдырамыз.
4.Бизнес процесстерді жазбаша түрде сипаттаңыз.
Жоспар жазудағы есептің қос бөлігі процестерді сипаттау болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, аналитикалық материалдарды зерттеу осы мәселе бойынша шеберлігіңізді шыңдай түседі. Сонымен қатар, бизнес әдебиетті жиірек оқуыңыз абзал.
5.Жобаны және оның есептерін түбегейлі тексеріңіз.
Бизнес жоспардың дұрыс емес жазылу жағдайлары кездеседі. Негізгі түрлері болып, ұқыпсыз жазылу және қажетті талаптарға сәйкес келмеу болып табылады. Сол үшін, бизнес жоспар есептерінің дұрыстылығына ғана емес, сонымен қатар, сырт келбетіне де мән бергеніңіз жөн.
Қосалқы ақпарат ретінде, корпоративті қаржы материалдарын оқуыңыз бизнес жоспарды кәсіпқой ретінде жазуға мүмкіндік беретіндігін мәлімдейміз. Сонымен қатар, сізге өз бизнес-жоспарыңызды жасау барысында кеңес пен көмекті Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маркетинг бойынша кеңесшілерінен алуға болады. Білікті мамандар сіздерге ақысыз негізде қол ұшын созуға дайын.