«ДАМУ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» ҚАЗАЛЫ ЖӘНЕ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Өткен аптада Даму Қорының мамандары аудандық кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесе отырып, Арал және Қазалы қалаларының бастауыш және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының несиелендіру механизмін енгізілген жаңа өзгерістерін түсіндіру. Қазіргі таңда, шағын қалалар тұрғындарына «БЖК2020» бағдарламасына енгізілген соңғы өзгерістер аясында жүзеге асырылып жатқан арнайы жеңілдетілген бағдарлама жұмыс жасайды. Бұл қалалардың бастауыш және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлері екінші деңгейлі банктерден кез-келген салаларға (сауда, мейрамхана және т.б.) несие алуларына болады. Оған қоса, кәсіпкер алған 14% несиенің, 10% мемлекет өтейді де, кәсіпкер қалған 4 % өтейді. Енгізілген өзгерістердің тағы бір тиімді жағы несие рәсімдеуде кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерге кепілдеме ұсыну.
Қазалы қаласында кездесу мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен қалалық әкімшілік мәжіліс-залында өтті. Арал қаласында кәсіпкерлер аудандық мәдениет үйіне шақырылды. Кездесуге барлығы 100-ге жуық тұрғындар қатысты. Арал қаласының кәсіпкері Перизат Қисықованың айтуы бойынша ол саудамен айналысып келе жатқанына біраз уақыт болған. Енді ол мемлекеттік бағдарламаға қатысып, монша ашуды жоспарлап отыр.
- Кәсібімді мен өз қаржыма және екінші деңгейлі банктерден улкен пайызбен алынған несиелермен бастадым. Тәжіребиесі бар кәсіпкер ретінде айтарым, 4% несие, ол өте төмен пайыздық үстеме және мемлекеттің ұсынып отырған мұндай мүмкіндігін жіберіп алмау қажет, - дейді кәсіпкер.
Даму Қоры аудан тұрғындарына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кәсіпкерлердің қатысуын арттыру мақсатында және кепілдеме мен субсидия беру механизмін түсіндіру бағытында ақпараттық-түсіндірме семинарларын өткізуді ары қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Арал, Қазалы қалаларындағы кездесуден кейін, өз бизнестерін дамыту үшін бірден 5 кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаға қатысып, несие рәсімдеуге ұсыныс берді.