2015 ЖЫЛЫ КҮРІШ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Елiмiздегi аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі айтарлықтай өсті. Өткен жылы аталған саланы қолдауға жергілікті бюджеттен 8,0 млрд.теңге бөлініп, 2013 жылмен салыстырғанда 47 % артқан. Сондай-ақ, 2014 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 158,4 мың гектарды құрады. Осы жане өзге де мәселелер бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының БАҚ өкілдерімен өткен брифингте белгілі болды. Баспасөз отырысында аталмыш басқарма 2014 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап осы жылдың мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді.
«Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізіліп, уақытылы жинап алуға қол жеткізілді. Бастапқы салмақта 371 мың тонна дәнді дақылдар жиналып 2013 жылмен салыстырғанда 32,7 мың тоннаға артты», - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы ауылшаруашылығы саласында құны 6945 млн.теңгенің 9 инвестициялық жобасы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, «АгроЭкоПродукт» ЖШС Қызылорда қаласында 5,7 гектар көлемдегі өндірістік жылыжай құрылысын жүргізіп жане «Жан-Арай» ЖШС Қызылорда қаласында қуаттылығы сағатына 12 тонналық күріш өңдеу зауытын іске қосуды 2015 жылға жоспарлануда.
Фариза ОМАРОВА