Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара тауарлар саудасының көлемі белгілі болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.
Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.
Қызылорда облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы
мың АҚШ доллары
| 2019 жылғықаңтар-тамыз | 2018 жылғықаңтар-тамыз | % |
Барлығы | 69 411,5 | 68 546,5 | 101,3 |
экспорт | 36 256,7 | 19 076,4 | 1,9 есе |
Ресей | 34 253,3 | 16 908,1 | 2 есе |
Беларусь | 251,8 | 301,5 | 83,5 |
Кырғызстан | 1 751,6 | 1 866,7 | 93,8 |
импорт | 33 154,8 | 49 470,1 | 67,0 |
Ресей | 31 779,2 | 48 420,6 | 65,6 |
Беларусь | 921,6 | 878,3 | 104,9 |
Кырғызстан | 454,0 | 171,2 | 2,7 есе |